Инклюзивті педагогика дегеніміз - бұл ұқыптылық, креативтілік педагогикасы. Инклюзивті педагогиканы құрудағы алғашқы қадам - өз көзқарастарын түсіну және балалардың алуан түрлілігін қабылдау болып саналады.
9 және 15 желтоқсанда Әмбебап дизайн қағидаларын таныстырған семинарға «Карлығаш» балабақшасының педагогтері қатысты. Білім беру дизайнының қағидаты ретіндегі «әмбебаптылық» ерекше қажеттіліктері бар балаларды ғана емес, педагогтердің өздерін де білім беру процесіне тартуға мүмкіндік береді.