Басты бет «Балалардың «4К» қабілеттерін дамытуға көмектесетін сингапурлық технологияларды тиімді қолдану...

«Балалардың «4К» қабілеттерін дамытуға көмектесетін сингапурлық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында тәжірибелік семинар

 «Балалардың «4К» қабілеттерін  дамытуға  көмектесетін сингапурлық технологияларды тиімді қолдану»  тақырыбында тәжірибелік семинар

     Ағымдағы жылдың 14 мен 16 ақпан аралығында «Қарлығаш» балабақшасында РБО әдіскері  «Балалардың «4К» қабілеттерін  дамытуға  көмектесетін сингапурлық технологияларды тиімді қолдану»    тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. 

    Сингапурлық оқыту технологиясы - күнделікті сабақты қызықты да мазмұнды ойынға айналдыратын,  берілген тапсырмаларды шешудің  бірнеше  жолын балаларға өз беттерінше  іздеуге көмектесетін  мықты құрал.

     Бұл технология - доктор Спенсер Каган, Л.Выготский, В.Давыдов және т.б. ғалымдардың бірлескен оқыту жүйесіне негізделген. Бұл - құрылымдар  (барлығы 250-ге жуық құрылым) деп аталатын тезистер мен формулалар жиынтығы. 
Кәсіпорын педагогтері  өз жұмыстарында сингапурлық «High-five!», «Manage Mat»  әдістерін  кеңінен қолданады  және  бұл әдіс балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ынталандырады. Олар өз бетінше ойлауға және қойылған сұрақтарға жауап табуға, бір-бірінің жауабын  толықтыра отырып, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Пікір алмасу барысында балалардың қарым-қатынас дағдылары мен сыни ойлау қабілеті  дамиды. 

     Педагог қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен әдістерді оқу процесінде кеңінен қолдана отырып,  білімнің жалғыз көзі болудан қалады. Ол - бағыттаушы, қолдаушы, ынталандырушы ересек адам. Педагог балаларға бағыттаушы болып қана қоймай, олардың дамуына және білім алуына көмектеседі.