Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» (бұдан әрі – «МДҰ моделі») бекітілген. Даму моделі мектепке дейінгі білім беру жүйесін одан әрі трансформациялау бағытын айқындайтын тұжырымдамалық негіз болып табылады, сондықтан ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да осы модельді іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы өзі бастамашы болып, Кәсіпорын балабақшаларында білім беру сапасына кешенді бағалау және бақылау жүргізу туралы ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтына сұрау салды.
ҚР БҒМ Балаларды ерте жастан дамыту институтының сертификатталған сарапшылары ерте балалық шақтағы қоршаған ортаның рейтингтік шкаласын (ECERS-3) пайдалана отырып жүргізді.
Нәтижесінде, Балаларды ерте дамыту институтымен «Өсу нүктелері» пилоттық жобасының аясында біздің Кәсіпорын базасында Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына арналған құзыреттілік орталығын құру жоспарланған.