ҚР БҒМ 2021 жылғы 12 қарашадағы бұйрығындағы, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына бірқатар өзгерістестер енгізілді:
Тестілеуден өту балдарының пайызы мен уақыты өзгерді;
Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге кезекті аттестаудан кейін 2 жыл өткен соң жол беріледі;
Мерзімінен бұрын аттестаудан өту үшін қойылған 10 талаптың кемінде «Педагог-модератор» – 2 талабына, ал «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші», «Педагог- шебер» – кемінде 6 талабына сай болу керек;
- Егер тесттен өте алмаған жағдайда, 5 жыл мерзімге аттестаудан өтуге рұқсат берілмейді;
- Біліктілік саннаттары өзгеріске сәйкес әр санаттылық деңгейінде әр түрлі төмендейді;
- Зейнеткерлікке шығуға 2 жылдан аз уақыт қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік тестілеуінен босатылады;
- Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады: берілетін уақыты - 30 минут, қолданылатын сөз саны – 250-300);
- Аттестаттан өту құзіреттілігі «Педагог-модератор», «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші» саннаттары үшін – Білім беру Басқармасының, ал «Педагог- шебер» санаты – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құзырында болады.
Өзгерістермен Сіз келесі сілтеме бойынша немесе «Маңызды ақпарат» өзекті сторисінен таныса аласыз: https://cloud.mail.ru/public/8WFs/aMLiNGWKK
Ақпарат көзі: Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту. орталығы».