Басты бетКіші қысқы Олимпиада ойындары!

Кіші қысқы Олимпиада ойындары!

Кіші қысқы Олимпиада ойындары!

Олимпиадалық  тұғырға апаратын жол қиын, бірақ қызықты және ол жол бүлдіршін кезден басталуы мүмкін.
Кәсіпорын балабақшаларында Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арналған спорттық іс-шаралар өтті.
Спорттық ойын-сауықтың мақсаты - Олимпиада ойындары, қысқы спорт түрлері туралы балалардың білімдерін кеңейту және спортқа тарту болды! 
Жас спортшылар ата-аналарымен бірге «Хоккейшілер», «Керлинг», «Биатлон»  және т.б. эстафеталарда жарысты. 
Таза ауадағы осындай спорттық іс-шаралар ересектерге де, балаларға да үлкен қуаныш сыйлады. Және де бүлдіршіндердің спортқа  деген қызығушылықтары арттыра түсті. 
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздарға салтанатты түрде медальдар және мақтау қағаздары табыс етілді!