Кәсіпорын балабақшаларында 21 ақпаннан бастап «Эйдетика - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған зияткерлікті дамыту жолы» тақырыбына арналған семинар-практикум өтуде.
РБО әдіскері Сәуле Байбатырова мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қалай дамыту керектігі туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісуде.
Эйдетика - бұл образдар мен ұқсастықтарға негізделген жаттығулар кешені негізінде оқыту әдісі. Бұл әдіс балаларға білімді оңай және жайлы алуға және өз қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Эйдетика негіздері балалардың образды ойлау, ассоциативті жад, ақпаратты есте сақтау қабілеттерін және сөйлеу дағдыларын дамытуға, қиялдарын жаттықтыруға, сөздік қорларын байытуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі.