«Жаттығуды таңертеңнен жасасаң, денсаулығың мықты болар әрқашан!»
Балабақшамыздың дене шынықтыру нұсқаушысы өзінің жеке әдістемесімен жазып шыққан таңғы жаттығулар жинағының атауы осындай мазмұнда. Татьяна Гуляренко балабақшаны өзінің жұмыс орны ретінде студент кезінде-ақ таңдап қойған. Өйткені кейіпкеріміз балалық шағынан спортты жақсы көрді және оны болашақ кәсібіне негіз етті. Ол – академиялық есуден спорт шебері.
«Мен Целиноград педагогикалық институтында оқыдым. Бұл дене шынықтыру факультеті болды. Дипломдық жұмысымды мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбиесі бойынша жаздым және еңбек жолымды балабақшада бастадым», – дейді Т.Гуляренко
Содан бері қаншама уақыт өтті, бірақ ол өз саласын өзгертпеді. Бақыт деген –сүйікті ісіңмен айналысып, сол арқылы қуаныш, ләззат пен сүйіспеншілікке бөленуің. Иә, таңертең Татьянаның жұмысына зер салғанда, біз осыны ойладық. Егер сіз оның жан қалауымен 30 жылдай жұмыс істегенін білсеңіз, тіпті тәнті боласыз. Биыл – оның мерейтойы, 20 тамызда жалпы педагогикалық еңбек өтіліне 30 жыл толады.
«Балалардың спорттық киімін қуана ауыстырып, менімен спортзалда кездесуді асыға күткенін көру маған әрдайым шабыт береді», – деп атап өтті кейіпкеріміз.
Ол қол жеткізген қос медаль – оның еңбегі. Өз ісінің шебері балалардың денсаулығына қамқорлық жасайтынына қуанамыз.