Пандемия сабақтары бізді көп нәрсеге үйретті. COVID-19-ға дейін біз денсаулығымызды сақтайтын пайдалы әдеттердің маңызын ұмытып кеткен едік. Ал біздің балалар қолдың вирустарды, микробтар мен бактерияларды тасушы екенін, сондықтан қолды жиі жуу керегін біледі. Қанекей, енді балалармен бірге қолды жуудың дұрыс техникасын тағы бір қайталайық. Бұл – балаларға ғана емес, ересектерге де пайдалы.
1. Қолыңызды сулаңыз;
2. Сулап алған алақанды сабындаңыз;
3. Алақаныңызды жақсылап ысқылаңыз;
4. Қолдың сырт жағын ұмытпаңыз;
5. Саусақтарыңызды айқастырып, алақаныңызды ысқылаңыз;
6. Саусақтарыңызды сырт жағын да қалыс қалдырмаңыз;
7. Саусақтарыңызды шөкімдеп, алақанда айналдырыңыз;
8. Ағын су астында қолыңызды жуыңыз;
9. Қолыңызды жақсылап сүртіңіз.