Көру – кез келген адам үшін ең үлкен құндылық. Себебі қоршаған әлем жайлы негізгі ақпаратты көз арқылы аламыз. Өкініштісі, көп адамда көру қабілеті бұзылған. Осыған байланысты біз көру қабілетін жақсартуға арналған жаттығулар жиынтығын ұсынамыз.
Көзге арналған гимнастика
1. Көзді оңға-солға қозғалтамыз
2. Көзді тігінен жоғары-төмен қозғаймыз
3. Көзді сағат тілімен және қарама-қарсы бағытта айналдырамыз
4. Мұрынға қараймыз, одан кейін көзді қалыпты жағдайға келтіреміз. Мұны істеу үшін саусағыңызды мұрынның үстіңгі жағына, яғни кеңсірікке қойып қараңыз – көз оңай «қосылады»
5. Көзді ашып-жұмамыз
Ұсыным: Бұл жаттығуларды үйде отбасымен бірге жасауға болады.