Басты бетАквааэробика элементтерімен жүзу

Аквааэробика элементтерімен жүзу


 

Акуааэробика – көбіне балаларға ерекше ұнайтын фитнестің әмбебап бағыты. Судағы жаттығу:

·        бұлшықетті қатайтады;

·        денені сымбатты етеді;

·        жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.

Біз балабақшада балаларды жүзуге баулуда дәл осы аквоаэробиканың элементтерін қолданамыз. Қалай? Бұл сұраққа «Қарлығаш» балабақшасының жүзу нұсқаушысы Анна Северина балалармен жүргізілген жаттығулар арқылы жауап береді:

1. Гантелмен жаттығу қолдың бұлшықетін қатайтады;

2. Нудлмен жаттығу жасау судың ағысына қарсы күш береді. Сол арқылы барлық бұлшықет бір уақытта жұмыс істейді;

3. «Жылқылар» жаттығуы аяқтың бұлшықетін қатайтып, вестибулярлық аппараттың жұмысын жақсартады;

4. «Әткеншек» жаттығуын жасағанда су денені жоғары көтереді, сондай сәтте омыртқадағы бар ауырлық жоғалады. Ал су бетіндегі қимылдан пайда болған толқын денеге массаж әсерін сыйлайды.

 

Ұсынымдар:

Бұл ойын жаттығуларын бассейнге балалармен барғанда қолдануға болады.