Техника мен жаңа технологияның заманында бала тілінің кеш дамуы бәрімізге ортақ мәселеге айналды. Осы мәселенің бір шешімі ретінде бала тәрбиесімен айналысып отырған педагогтер мен ата-аналарға логопед-маманымыздың кеңесін ұсынамыз.
Бұл артикуляциялық жаттығулар кешенін кез келген бос уақытта балабақшада да, үйде де қолдануға болады.
1. Бірінші жаттығу «Сағат» деп аталады. Тілді еріннің екі жиегіне кезек-кезек тигіземіз.
2. Келесі кезекте ерінді дөңгелектеп жылқы секілді таңдайды тақылдатамыз.
3. Енді «футбол» ойнаймыз. Тілді тістің сыртымен 10 рет айналдырамыз.
4. 4-ші жаттығуда тілді шығарып «кесе» жасаймыз.
5. Егер бала «Р» дыбысын айта алмаса, оған «Барабан» жаттығуын жасату керек. Тілдің ұшын үстіңгі тістің ішкі жағына апарып «Д» дыбысын дыбыстатамыз.
6. Соңғы жаттығуда «құймақ» жасаймыз. Тілімізді астыңғы ерінге жатқызамыз.