Балалар көңілді және қимылды ойындар ойнағанды ұнатады. Демалыс күндері немесе кез келген бос уақытта бүкіл отбасымен серуендеуге шықтыңыз делік, бала сізбен ойнағысы келеді. Бірақ сізде идея жоқ па? Шешімі бар.
Біздің жас, десе де креативті және кәсіби дене шынықтыру нұсқаушысы Ернар Аймырзаұлы сіздерге көңілді, қимылды ойындарды көрсетеді.
Бірінші ойын «Балықтар» деп аталады. Бұл жағдайда ата-ана «балықшы», ал балалар «балық» ретінде қатыса алады. Сізге арқан керек, сіз қарапайым секірмекті немесе жіп, лентаны қолдана аласыз. Олардың бірі ата-ананың қолында болады. «Балықшы» ортасында, ал «балықтар» оның айналасында тұр. «Балықшы» арқанды бір тұтқадан ұстап, жерлете айналдыра бастайды. Ал «балық» ұстатпау үшін секіреді.
Екінші ойын – «Бәйтерек». Сізге доп пен шеңбер қажет болады. Белсенді, жас ата-аналар да жүргізуші ретінде қатыса алады. Шеңбер бөлменің немесе ойын алаңының ортасына қойылады. Доп шеңбердің ішінде тұрады. Жүргізуші музыканы қосады, сол сәтте балалар шеңбері айнала жүреді. Жүргізуші музыканы тоқтатқан кезде балалар «Бәйтеректің» көрінісін көрсетуі керек.
Бұл ойындарды ойнау баланың белсенділігін арттырып, кеңістікті бағдарлай білуге үйретеді.
Ұсыным: бұл ойындарды балалар серуенде немесе жеке үйде ата-анасымен де, құрдастарымен де ойнай алады.
Сілтеме: https://youtu.be/99eK8a2jg2E