«Қарлығаш» балабақшасының №2 нысанының базасында «Ерте жастағы балалармен кешенді дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы» тақырыбында тәжірибелік алаңның жабылуына байланысты қалалық семинар өтті. Аталған іс-шара сол тәжірибелік алаңның 3 жылғы жұмыс нәтижелеріне арналған.
Семинар басталарда «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева қатысушыларға толағай табыс пен нәтижелі жұмыс тіледі. Семинар аясында педагогтар ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерін іс жүзінде көрсетті. Содан кейін теориялық кезеңде әдіскер, педагог-психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, педиатр эксперимент алаңының қорытындыларымен таныстырып, мынадай нәтижелер алынғанын баяндады:
- дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мазмұнын жаңартты және балалардың қозғалыс белсенділігі артты;
- дене шынықтыру дайындығының деңгейін 40%-ға және балалардың төтенше жағдайларда әрекет ету деңгейі жоғарылады;
- балалардың аурушаңдығы 26-ға% төмендеді;
- балалардың психоэмоционалдық жай-күйінің көрсеткіштері жақсарды және мектепке дайындықтың жоғары деңгейін 97,3% көрсетті;
- балалардың спорт секцияларына қатысуы артты және т. б.
Семинарға балабақша педагогтары, «Астана» халықаралық университеті гуманитарлық колледжінің Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері қатысты. Іс-шара соңында білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Алтынай Болатбекқызы: «Семинар жоғары деңгейде өтті. Ұжымның кәсібилігі мен олардың өз еңбегіне деген сүйіспеншілігін атап өткім келеді. Біз эксперимент алаңының жұмысы аяқталғаннан кейін тиімді нәтиже мен оң динамиканы көрдік», деп сарапшы ретінде өз пікірін білдірді.