Басты бетСаусақ жаттығулары

Саусақ жаттығулары

Саусақ жаттығулары

Атақты украин педагогі В.А.Сухомлинский: «Балалардың тілі – саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант. Осы саладағы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бала тілінің даму деңгейі олардың саусақ қимылдарының дамуымен тікелей байланысты. 
Саусақ жаттығулары баланың: 
- ми жұмысын;
- сөйлеу тілін; 
- шығармашылық қабілетін;
- қиялын жетілдіреді.

Осыған орай біз тәжірибелі тәрбиеші Қарлығаш Сайтмұратқызының ата-аналарға, әріптестеріне арнап әзірлеген саусақ жаттығуларын ұсынамыз:
1. Шынжыр. Оң және сол қолдағы бас бармақ пен балан үйрек саусақтары түйісіп,  жүзік секілді айқасып, шынжыр жасайды.

2. Доп. Саусақтар жиылып, бүгіліп доп пішінін жасайды. 

3. Саусақтар жүреді. Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді.

4. Құстар. Бұл жаттығуды құстарға қатысты тақпақ айтып отырып орындауға болады. 

Ұсыным: ойын-жаттығуларын бос уақытта үйде, кез келген жерде орындауға болады.