Көп ата-ана баласының бірнеше тіл білгенін қалайды. Ал балаларға тіл, жаңа сөздерді ойын арқылы ғана нәтижелі үйретуге болады, онсыз олардың қызыға қоюы екіталай. Сол себепті біз осы жолы ағылшын тілі мұғалімі Алмагүл Қасымқанованың оқу процесінде қолданатын ойындарын ұсынамыз.
Ұсыным: бұл ойындарды үйде де ойнауға болады.
«Turn back – бұрыл» ойыны Екі бала екі жаққа қарап, арқасын беріп тұрады, қолдарында тақырыптық карточкалар болады. Ағылшын тілінде 3-ке дейін санайды, «turn back – бұрыл» деп балалар айтқанда тез бұрылып, көршісінің карточкасын атайды. Бұл ойын жылдам жаттауға көмектеседі.
«Fast microphone – жылдам микрофон» ойыны Бұл ойынды жұп болып, тақырыптық сөздікті жаттағаннан кейін ойнайды. Ортада ойыншық микрофон, ойыншылардың қолы басында, қарама-қарсы отырады. Қалған балалар санайды, мұғалім суретті көрсетеді, балар тез микрофонды алып сөзді айтуға тырысады. Кім жылдам, сол бала жеңімпаз болады.
«Mingle – молекула» ойыны Балалар музыкамен молекула сияқты араласып жүреді. «Stop» дегенде балаларға «What is it?» деген сұрақ қойылады. Балалар суретте көрсетілген заттың ағылшынша атауын айтады.