Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жақында өткен сессиясында «Бірлік, татулық пен бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз» деді. Бұл расымен солай. Себебі Қазақстан – бір шаңырақ астына бірнеше ұлт өкілдерін жинаған көңілі дарқан, қонақжай ел. Еліміздің басындағы бағы да, ең үлкен байлығы да сол кең пейілінде болса керек.
Осы ретте баршаңызды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын! Жоғарыда аталған құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына сіңіре берейік! Бірлігімізден, татулығымыздан, бейбітшілігімізден ажырамайық!
Құрметпен, «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбитгүл Зейнаділқызы