Бұл – халқымыздың өшпес ерлігін еске алатын күн, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі. Ал біз үшін Жеңіс күні – жауапкершілік.
Қазіргі таңда біздің және жас ұрпақтың алдында батыр бабаларымыздың жеңіс жемісін сақтау міндеті тұр. Барлық соғыс ардагерлері мен қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне мықты денсаулық, сондай-ақ туған-туысқандары мен жақындарының көңілі мен қамқорлығын тілейміз! Бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Құрметпен, «Қарлығаш» балабақшасы