Кез келген ата-ана баласының өз ортасында көшбасшы, ойын ашық білдіре алатын еркін адам болып қалыптасқанын қалайды. Бұған біздің тәжірибелі маманымыз, «Қарлығаш» балабақшасының музыка жетекшісі Дәулетбек Темірбек ұсынған ойын-жаттығулары жақсы көмектеседі.
Ұсыным: ойын-жаттығуларын үйде қайталауға болады.
«Сиқырлы айна» Балалардың қоғамдық ортада өзін ұстау дағдысын қалыптастырады. Қиялын жетілдіріп, ұяңдығын жеңуге үйретеді. Сөйлеу мәнері, интонация, мимикасы дамиды.
«Жаңғырық» Балалардың эмоциясын қалыптастырады. Үрейін жеңуге үйретеді. Топтық жұмыста бір-бірін тыңдау, күту дағдыларын дамытады.
«Ауыр және жеңіл» Пантомимика, топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Сахнада өзін ұстау мәдениеті дамиды.
Сілтеме: https://youtu.be/9tG1GeZMdR0