Басты бетНоталар баспалдағын мекендеушілер

Ноталар баспалдағын мекендеушілер

Ноталар баспалдағын мекендеушілер

Баланың өз эмоциясын, ішкі көңіл-күйін, сезімін жеткізуі маңызды. Ал мұндай дағдыны балабақшадан бастап қалыптастыруға болады. Бұл өз кезегінде алдағы болуы мүмкін балалық, жеткіншектік депрессиядан сақтауға көмектеседі.

Балабақшамыздың тәжірибелі маманы, музыка жетекшісі Әсем Таңатқызы ұсынатын «Ноталар баспалдағын мекендеушілер» жаттығуы тәрбиеленушіге әртүрлі дыбысты шығаруға, ноталарды айыра білуге үйретеді.

 Ұсыным: аталған музыкалық жаттығуды үйде де қайталауға болады.

 Балалар төменнен жоғарыға:

А) Жуан:

«До» нотасы – аю;

«Ре» – қасқыр;

«Ми» – қарға;

«Фа» – ит;

 
Б) жіңішке:

«Соль» – мысық;

«Ля» – қоян;

«Си» – балапан дауысы секілді ноталарды баспалдақ бойына орналастырады.

  

СІЛТЕМЕ: https://youtu.be/OcD9FJaqWrE