«Қарлығаш» балабақшасының түлектері енді мектепке барады. Осыған орай тәрбиеленушілердің көңілді күндерін өткізген ыстық ұямен қоштасу кеші өтті.
Іс-шараға салтанатты сәтті асыға күткен ата-аналар мен бойындағы барын беріп тәрбиелеген педагогтер қатысты. Қоштасу кешінде балдырғандар мектепке дейінгі ұйымда үйренген дағдылары мен қалыптастырған қабілеттерін көрсетті. Буындардан сөз құрап, ағылшынша ән шырқады, тақпақтар арқылы ұстаздарына алғыс айтты. Тіпті оркестрде өнер көрсетті. Ата-аналармен қызықты риторикалық ойын ойнады. Соңында қоштасу вальсін биледі.
«Қарлығаш» балабақшасынан тәрбиеленіп шыққан түлектер жоғары рейтингтегі, соның ішінде зияткерлік және өнер бағытындағы мектептерге түседі.