Біздің балабақшада тәрбиеленушілерге арналған тыныс алу жолдарындағы қабыну және инфекциялық процестердің белсенділігін төмендететін тұзды шахта бар. Осы жолы «Қарлығаш» балабақшасының сауықтыру медбикесі Нұргүл Дүйсенова тұзды шахтаға бару кезіндегі ережелер мен нұсқаулар туралы айтып береді.
1) Тұзды шахтаға барған кезде ашық түсті мақтадан жасалған киімді киген жөн. Киім тыныс алуға кедергі келтірмейтіндей, жайлы және ыңғайлы болуы керек;
2) Тәрбиеші немесе медицина қызметкері ішкі өзара әрекет кезінде (бір-бірімен, ойыншықтармен) балалардың мұрны мен көзіне тұз түйіршіктерінің түспеуін міндетті түрде қадағалауы тиіс. Сеанстан соң бет пен қолды шаюға болады. Алайда тұзды шахтаға барғаннан кейін бірден 2-3 сағат ішінде суға түсу (бассейн) ұсынылмайды, сонымен қатар 30 минуттан кейін ғана су ішуге болады;
3) Сеанс кезінде кіреберіс есікті ашуға болмайды, өйткені бұл құрылған микроклиматты бұзуы мүмкін;
4) Балалар үшін 1 сеанстың ұзақтығы 20 минутты, курс 10 күнді құрайды;
5) Тұзды шахтада ұсынылатын температура – 19-21 С.