Біз үшін балалардың өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Дәрумендер әсіресе баланың иммунитетін нығайтуға көмектесетінін білеміз. Бірақ қалай және қандай дәрумендерді қабылдау керек? Бұл сұраққа біздің тәжірибелі маман, «Қарлығаш» балабақшасының аға медбикесі Асыл Қалықова жауап береді.
«Жаз мезгілінде жаңа піскен табиғи көкөністерден, жемістер мен жидектерден витамин терапиясын жүргізген дұрыс. Егер балада аллергия болмаса, әрине санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жидектердің барлық түрін жеген жөн.
Дәрумендерден D дәруменін ғана қосуға болады. Оны туғаннан бастап 18 жасқа дейін аш қарынға қабылдау қажет» дейді Асыл Сейсеновна. Оның айтуынша, мектеп дейінгі балалар көкөністердің 5 түрін жеу керек:
- брокколи;
- гүлді қырыққабат;
- сәбіз;
- қызылша;
- бақша көктері.
Жемістерден: банан, алма, алмұрт, қара өрік.
Жидектерден: көкжидек, құлпынай және таңқурай.