Басты бетСеруеннің маңызы

Серуеннің маңызы

Серуеннің маңызы

Бала денсаулығын нығайтуда, ұйқысын жақсартуда және ой-өрісін дамытуда серуеннің маңызы зор. Сондықтан біздің тәрбиешілер балабақшадағы серуенге ерекше мән береді.

 Осы жолы тәжірибелі маманымыз Ләззат Тұрсынбайқызы балаларға арналған серуенді пайдалы ұйымдастырудың жолдарын ұсынады. Педагогтың айтуынша, күннің бірінші жартысында ұйымдастырылатын балабақшадағы серуен кезінде:

- балалармен танымдық әрекеттерге арналған бақылаулар;

- тіл дамытатын зерттеулер;

- суреттер арқылы ойындар;

- ертегі айту;

- жұмбақ, жаңылтпаштар, өлең шумақтарын жаттау;

- бақша өсімдіктеріне күтім жасау секілді әркеттерді жоспарлауға болады.

 Осыған қоса қимылды ойындар арқылы серуенді қызықты, көңілді ете аласыз.