Біз балабақшада балаларды тәрбиелеп, оқытуға барымызды салып жұмыс істейміз. Алайда тәрбиеленушінің бір жері ауырып тұрса, педагог өз жұмысын жайбарақат жалғастыра алмайды. Мұндайда, сөзсіз, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінеміз.
Көрдіңіздер ме, балабақшамыздағы педиатр-дәрігерлер мен мейіргерлердің қызметі бізге аса қажет. Олардың көмегінсіз педагогтердің еңбегі мен жұмыстарының нәтижесі жеткілікті деңгейде көрінбейді. Өйткені мектепке дейінгі ұйымда балаға тәрбие мен білім беру маңызды, дегенмен олардың өмірі мен денсаулығы – бәрінен де маңызды. Осы қағиданы ұмытпайтын медициналық қызметкерлеріміз үнемі балалардың жанынан табылып, қамқор болып жүреді.
Сондай еңбегі үшін оларға алғыс айтамыз және «Қарлығаш» балабақшасының педиатр-дәрегерлері мен мейіргерлерін алда келе жатқан кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық медицина қызметкерлеріне мықты денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!