Басты бетБаланы еңбекке баулимыз

Баланы еңбекке баулимыз

Баланы еңбекке баулимыз

Кез келген тәрбиеші балабақшадан бастап баланың еңбекке деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеуді көздейді.

«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі, білікті маманымыз Ақмарал Ерімшеева осы мақсатқа жетуге қайшымен жұмыс істеуді үйрету жақсы көмектесетінін айтады. Өйткені, маманның кеңесіне қарағанда, қайшымен жұмыс:

- ұсақ қол моторикасын дамытады;

- көзбен мөлшерлеу білуге дағдыландырады;

- эстетикалық талғамын қалыптастырады;

- үнемділікке үйретеді.

 «Қайшымен жұмыстың осыншама пайдалы жағы болғанымен, қаупі бар екенін де ескерген жөн» дейді А.Ерімшеева. Бұл ретте балаға алдымен қайшымен жұмыс істеудің төмендегідей ережесін түсіндіру керек:

- ұшы доғал қайшыны пайдалан;

- қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама;

- қайшыны ашық күйінде қалдырма, жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой;

- екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын;

- қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.