Балалардың денсаулығы – біздің қамқорымызда. Олардың денсаулығын сақтау жұмысының бір кезеңі – бала өмірінде сергіту сәттерін пайдалану.
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілері оқу іс-әрекетінде үнемі сергіту сәттерін пайдаланады. Тәжірибелі тәрбиешіміз Индира Бақытқызы сабақ барысында және бос уақытта қолдануға болатын сергіту сәттерінің бірнеше үлгісін ұсынады.
Бойыңды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Аяқпенен топ-топ -топ
Алақанмен соқ-соқ-соқ
Бір оңға,бір солға
Айналайын кел мұнда!
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда!
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда!