Барлық ата-ана мен тәрбиеші балаларының көп жақсы нәрселерді үйренгенін қалайды. Бұл үшін баланың есте сақтау қабілетін дамыту қажет. Осы жолы біз балаларға көп ақпаратты оңай есте сақтауға көмектесетін жаттығуларды ұсынамыз.
10-12 сөз ойлап табыңыз (кез келген), оларды кішкентайыңызға айтыңыз. Ол сөздерді еске түсіріп қана қоймай, әңгіме құрастыруы керек. Мұндай жаттығу бейнелі есте сақтау қабілетін дамытады.
Кез келген сөзді атаңыз және баладан өзі сіз айтқан сөзбен байланыстыратын басқа сөзді атауды сұраңыз. Бұл бізге тақпақ жаттаудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Ал сандарды есте сақтау үшін бала ойша әрбір санды қандай да бір нақты суретпен байланыстырып, оның қандай болуы мүмкін екенін, қандай түспен, қандай дыбыспен байланыстыратынын ойластыруы керек. Болашақта балақай осы немесе басқа сандарды есіне алғанда, оның басында өзі ойлап тапқан бейнелер пайда болады.