«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері жазғы уақытын да пайдалы, танымдық іс-шаралар арқылы көңілді, тиімді өткізіп жүр. Олар балабақша ауласындағы бақшада ерте көктемде еккен көкөністеріне су құйып, арам шөптерден тазартып, күн сайын күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп келеді. Оның нәтижесі қандай?
Осы аптада «Қарлығаш» балабақшасында «Біздің көңілді бақша» апталығы өтті. Кәсіпорын педагогтері апта бойы балаларға бақша жұмыстарының жаздағы нәтижелерімен таныстырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді.
«Бұл апта тәрбиеленушілерімізге ерекше көңілді өтті. Аталған іс-шара балаларды еңбекке баулу, тәжірибелік, шығармашылық, танымдық процеске тарту мақсатында ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер апталық аясында көкөністердің, дәрумендердің пайдасы туралы ақпарат алып, фотоколлаж жасады. Апта соңында Чиполиноға қонаққа барып, бау-бақша егелері – Бағбанмен ойын-сауық құрды», дейді «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Нұржан Айтуқызы.