Балалардың жүзуі – бүкіл денеге массаж жасаудың бір түрі. Ол өкпенің жұмысын жақсартады, бұл тыныс алу жолындағы зиянды бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
Бұл жолы сауықтыру медбикеміз Нұргүл Дүйсенова БАЛАБАҚШАДА БАССЕЙНГЕ БАРУ ҮШІН НЕ КЕРЕК екенін айтады. Оның айтуынша, жүзу сабақтары үшін сізге шомылу керек-жарақтарын дайындап, сатып алу керек, мысалы:
- капюшоны бар ұзын түкті халат
- ұлдарға арналған жүзу іш киімі және қыздарға арналған біріктірілген купальник
- резеңке аяқ киім
- резеңке қалпақ
- көзілдірік.
Бассейндегі сабақтардың ұзақтығы санитарлық ережелермен нақты реттеледі және баланың жасына байланысты:
- кіші топта 15-20 минут
- ортаңғы топта 20-25 мин
- ересек топта 25-30 минут
- дайындық тобында 25-30 минут.