«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері жазғы уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді жалғастыруда. Біздің бүлдіршіндер «Балалар кайдзені» оқу-зерттеу, шығармашылық апталығына қатысты.
Балабақшамыздың педагог мамандары мен тәрбиешілері өткізген іс-шарада қатысушылар «Жарық, су, жылуды сақта», «Күн – жарық пен жылудың көзі», «Бір минуттың ережесі» атты тақырыптарда әңгімелесті. Жұмбақтар шешіп, «Крандағы суды өшірмесек не болады?» деген сұрақтың шешімін іздеп көрді. Осыған қоса олар «Судың сұйық және қатты күйдегі құпиясын» білу үшін экперимент жасап көрді. Ұйымдастырушылар балаларға көңілді болатын ойындар мен шығармашылық сәтті де ұмытпады.
Тәрбиеленушілер «Балалар кайдзені» іс-шарасында «Мозаика» зияткерлік квест ойынын ойнап, «Суды сақта», «Жарықты сақта» атты балалар мен ата-аналарға арналған ескертпе дайындады.