Басты бетКітапты күтіп ұстау ережесі

Кітапты күтіп ұстау ережесі

Кітапты күтіп ұстау ережесі
Баланы мектепке дайындау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерінің біріне жатады. Бала 1-сыныпқа барғанда оған алғашқы оқулықтарын береді. Сондықтан балаға кітаптарын күтіп ұстауды балабақшадан бастап үйрету керек. Осы ретте біз сіздерге балаға үйде де үйретуге болатын кітапты күтіп ұстаудың негізгі ережелерін ұсынамыз. Сонымен: - Оқулықтар салынған сөмкені немесе кітаптарды қатты күшпен лақтыруға болмайды; - Кітаптарға қаламмен жазу жазба, бояу қарындашпен сурет салма; - Жыртылған жерін әрдайым желіммен жапсырып қой; - Парақты қайырмау үшін кітапқа арналған бетбелгіні қолдан; - Күнге күйіп кетпеу үшін кітап сөресін, оқулықтарды күн сәулесінен алшақ орналастырған жөн. Әрине, біз ең көп таралған ережелерді келтірдік, бірақ сіз оларды тәжірибеңізге қарай толықтыра аласыз.