Басты бетБілім күнімен құттықтау

Білім күнімен құттықтау

Білім күнімен құттықтау
Білім – адам үшін барлық құндылықтың ішіндегі басты байлығының бірі. Өйткені қазіргі заманда жақсы білімсіз өмірде жетістікке жету мүмкін емес. Білім күні – біз үшін жылдың ең маңызды датасы. Бүгін мен өз мамандығымыздың маңыздылығын еске алғым келеді. Бізде – педагогтерде биік мұрат бар, бұл: ел болашағы үшін балаларды тәрбиелеп, оларға білім беру. 1 қыркүйек – білім алушылар мен ұстаздар үшін ерекше күн ғана емес, өзін-өзі дамытумен айналысатын әрбір адам үшін мереке. Осыны негізге ала отырып, баршаңызды Білім күнімен құттықтағым келеді. Жаңа оқу жылы әрбіріңізге түрлі білім мен дағдылар әкелсін! Сіздерге жаңа ақпаратқа деген қызығушылықты ешқашан жоғалтпауды, үнемі өзіңіз үшін жаңа көкжиектерді ашуды және табысты әрі бақытты өмірдің игілігін көруді тілеймін! Ізгі ниетпен, «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл ҚАЗАҚПАЕВА