Басты бетБалаға қазақ тілін үйретудің жолдары

Балаға қазақ тілін үйретудің жолдары

Балаға қазақ тілін үйретудің жолдары
Қазір баласының мемлекеттік тілді жетік білгенін қалайтын ата-аналар көбейіп келеді. Бірақ оларға мамандардың пайдалы кеңесі жетіспей жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз «Қарлығаш» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Баян Әлиеваның кеңесін ұсынамыз. Маманның айтуынша, балалардың сөйлеу тілін тиімді дамыту үшін ата-аналар олармен жиі сөйлесуі керек. Сонымен қатар баланың тіліндегідей сөздерді бұрмаламай, дұрыс, анық айтуға тырысқан жөн. Мақсатты қазақ тілін үйретуге арналған ұсыныстар: 1. Бір сөзді 100 рет есту; 2. Көп тыңдатыңыз; 3. Айтқызып жаттықтырыңыз; 4. Дауыс ырғағын ауыстырып отырыңыз; 5. Еркелету сөздерін қазақ тілінде айтыңыз; 6. Сөзді есте сақтау үшін қимыл-қозғалыс арқылы сөйлетуді жиі қолданыңыз; 7. Кез келген ортаны тіл үйренуге пайдаланыңыз (мысалы, көлікте келе жатқанда қазақ тілінде ән қосу немесе әңгімелесу); 9. «Баланың тілі саусағының ұшында» деп айтқандай, саусақ жаттығуларын көп қолданыңыз. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CiMST34IaBG/?utm_source=ig_web_copy_link