Біз балабақшамыздың үздік қызметкерлерімен таныстыруды жалғастармыз. Кезекті кейіпкеріміз – Аткенова Күлдана Қалиасқарқызы. Ол «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі ретінде 10 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде Күлдана Қалиасқарқызы балалар ерекше жақсы көретін педагог, ата-аналар әрдайым алғыс айтатын қызметкерімізге айналды. Оның шәкірттері қазіргі таңда шетелдерде білім алып жүр, әлі күнге балабақша түлектері тәрбиешісін іздеп келіп қуантады. Ата-аналардың атынан жазылған пікірдің бірінде былай делінген:
«Күлдана Қалиасқарқызы – тәлім-тәрбие саласын терең меңгерген ұлағатты ұстаз, әрбір бүлдіршіннің жан дүниесі мен психологиясын жіті білетін педагог. Ол қарауындағы балаларға анасы сияқты ерекше мейіріммен қарайды. Сондықтан өзге тәрбиеленушілермен бірге менің балам да Күлдана Қалиасқарқызын жақсы көреді, оны айрықша құрметтейді».
Бұл – лайықты баға. Десе де шынайы марапаттың жөні бөлек. Кейіпкеріміз ҚР Президент Іс басқармасының аппарат басшысы атынан Алғыс хатына иеленген.