Басты бетТіл білгірі

Тіл білгірі

Тіл білгірі Тіл білгірі
«Қарлығаш» балабақшасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл білгірі» атты сайыс өтті. Мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің арасында ұйымдастырылған іс-шараға 6 топтан 6 бала қатысты. Қатысушылар тілге байланысты жаттап келген өлең шумақтарын, мақал-мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар айтып жарысты. Сайыс қорытындысы бойынша тіл білгірі анықталып, қатысушылармен бірге марапатталды. Айта кету керек, іс-шара тәрбиеленушілердің ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.