Басты бетЕкпе – белсенді иммунитет

Екпе – белсенді иммунитет

Екпе – белсенді иммунитет
Күз түсті. Бұл – респираторлы-вирустық инфекциялар жұқтыратын, тұмаумен ауыратын кезең. Балаларда барлық адамдағы сияқты әртүрлі инфекцияларға қарсы табиғи иммунитет бар. Алайда мұндай иммунитет уақытша. «Қарлығаш» балабақшасының медицина маманы Асыл Сейсенқызы Калыкова айтқандай, ұзақ мерзімді немесе белгілі бір ауруларға қарсы белсенді иммунитетті тек вакциналау ғана қалыптастыруы мүмкін. Иә, егер вакцина болмаса, балаларымызға инфекциялар айтарлықтай қорқынышты қауіп төндіретін еді. Ең бастысы, екпе салдыру ауыр асқынулардың, тіпті өлімнің алдын алады.