Балабақшаға Сұлу Күз келіп, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына күзгі шабыт берді! Ата-аналар мен балалардың бірге жасаған қолөнер бұйымдарына көз салыңыздаршы! Қандай әдемі! Қандай креативті! Алтын Күздің ғажайып тартулары арнайы көрмеге қойылып, тәрбиешілердің, ата-аналар мен балалардың қызу талқысына ұсынылып отыр.
Барлық топтар қатысып отырған бұл көрме балалардың қиялын ұштауға және отбасылық ұйымшылдықты дамытуға бағытталған! Мұндағы пейзаждар, құрғақ жапырақтардан жасалған аппликациялар, табиғи материалдан жасалған конструкциялар көздің жауын алады!
Отбасымен бірлесіп жұмыс істеген кезде ғана үлкен педагогикалық мақсаттарға қол жеткізуге болады, дейді мамандар!
Балалар мен олардың ата-аналарының өз қолдарымен жасаған күз шедеврлерін аптаның соңына дейін әкелулеріне мүмкіндіктері бар!