Басты бет
›
Л дыбысын түзету жолдарын түзету жолдары
Л дыбысын түзету жолдарын түзету жолдары
Сөйлеу тілінің бұзылыстары баланың жалпы дамуына, мінез құлқының қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Ондай балалар тіл бұзылыстарын өздері сезініп, көп сөйлемеуге тырысады, ұялшақ, өзіне сенімсіз болады.
Бүгін «Қарлығаш» балабақшасының логопеді - Гульжан Туленова «Л» дыбысын дұрыс қоюға арналған бірнеше жаттығуларды ұсынады.
Ең бірінші «Л» дыбысының профилін есімізге түсірейік. Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе жоғарғы тістердің артындағы төбешікке тіреледі. Тіл ортасы төмен түскен, тілдің артқы жағы көтеріңкі, тілдің бүйір жақтары төмен түскен, ауа тілдің бүйір жағынан өтеді. Дауыс желбезегі жұмыс істемейді, тамақ дірілдейді.
«Л» дыбысын дұрыс қою үшін тіл мен ерінді келесі тәсілдер арқылы жаттықтыру қажет:
1. Еліктеу тәсілі: балаға кеменің дыбысын салу сияқты Л-л-л-л-л-л-л-л-л-л- деп айтқызу керек.
2. Артикуляциялық жаттығулар:
А) «Тәтті тосап» жаттығуы. Жоғарғы ерінде тәтті тосап тұр деп елестету. Санап отырып жоғарғы ерінді жалайды.
Б) «Кесе» жаттығуы. Тілдің бүйір жақтары жоғары қарай қайырылған. Жаттығу баламен орындалады. Кесе күйіндегі тілді ауызға кіргізу, ал ерінді дөңестеу қалыпқа келтіру.
Ұсыным: Дағдылары дұрыс, тез қалыптасу үшін жаттығуларды күніне 3-5 минуттан бірнеше рет қайталау керек. Үй жағдайында балаға күнде үзбей осы жаттығуларды жасап отыру қажет.