Еліміз үшін 25 қазан күні – аса маңызды даталардың бірі. Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміз егемендік алуға алғашқы қадамын жасады.
Болашақта бұл мереке Тәуелсіздігімізді дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деген сеніміміз бар. Мереке құтты болсын, ел іргесі берік болсын!