Басты бет«Қарлығаш» балабақшасы нысандарында қазақ тіліне бойлау жобасын енгізу бойынша семинар-мониторин...

«Қарлығаш» балабақшасы нысандарында қазақ тіліне бойлау жобасын енгізу бойынша семинар-мониторинг өтті

«Қарлығаш» балабақшасы нысандарында қазақ тіліне бойлау жобасын енгізу бойынша  семинар-мониторинг өтті
28-30 қараша аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы нысандарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының бастамасымен қазақ тіліне бойлау жобасын енгізу бойынша семинар-мониторинг өтті. «Қарлығаш» балабақшасы осы әдісті енгізу бойынша еліміздегі пилоттық мектепке дейінгі мекемелерінің қатарында. Өз жұмысында педагогтер тілді енгізу әдісінің принциптерін қатаң ұстанады. Яғни визуализация, музыкалық және поэтикалық ырғақ, қозғалыс ырғағы, шығармашылық белсенділіктің маңызы зор. Бұл әдістер балаға естігенін жадында сақтауға, сөздің мағынасын түсініп, қазақ тілін функционалды түрде меңгеруге ықпал етеді. Бұл жерде баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті жақсарып, зейіні дамиды. Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшылары тәрбиешінің топтағы іс-әрекетін бақылап, режимдік сәттерді, қазақ тілінде сөйлеу, дене шынықтыру, музыка сабақтары барысындағы балалардың іс-әрекеттеріне мән берді. Сарапшылардың пікірінше, әдістің тиімділігі баланың үйреншікті тілінен мақсатты тілге, ересектердің балалармен қазақ тілінде қарым-қатынасы арқылы үздіксіз ауысуы кезінде жоғары болады. Семинар-мониторинг қорытындысы бойынша кері байланыс ретінде балабақша педагогтерімен сұхбат өтті. Сарапшылар үш күннің қорытындысы бойынша бақылаған іс-әрекеттерге жоғары баға беріп, педагогтерге жоба бойынша өз ұсыныстарын айтты.