ҚР ПІБ Медициналық орталығының № 1 «Қарлығаш» балабақшасында балалар жылы аясында «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара түрлі көңілді нөмірлерден құралған, онда балалар өздерінің дарындары, каратэ және гимнастикадағы шеберліктерін ортаға салды. Іс-шараға ересек және мектепалды топтардан 70-ке жуық бала қатысты. Мерекелік шара жиналған ата-ана мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.