Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлеріне арналғ...

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг
26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Ерте жастағы балалардың дамып жетілуі. Медициналық-әлеуметтік көмек» тақырыбында семинар-тренингі өтті. Лекторлар – «Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушылары. Тренингтің мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасының педагогикалық және медицина қызметкерлерінің өзекті тақырыптары бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және дамыту. Семинарға 5 медицина қызметкері және 8 педагог қатысты. Дәріс пен пікірталас барысында ерте жастағы балалар мен олардың ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, спикерлер тыңдаушыларды 0 жастан 8 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелерімен таныстырды. Семинар-тренингте қатысушыларға өзін-өзі талдауға бағытталған танымдық тесттер, мазмұнды бейнероликтер мен ақпараттық презентациялар ұсынылды. Оқу қорытындысы бойынша курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.