Басты бет«ECERS-3 сапаны бағалау шкаласын пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасының тәуелсіз...

«ECERS-3 сапаны бағалау шкаласын пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасының тәуелсіз сараптамасы» тақырыбында семинар - тренингі

«ECERS-3 сапаны бағалау шкаласын пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасының тәуелсіз сараптамасы» тақырыбында семинар - тренингі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «ECERS-3 сапаны бағалау шкаласын пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасының тәуелсіз сараптамасы» тақырыбында семинар - тренинг өтті. 5-8 желтоқсан аралығында өткен семинар-тренингке Ресурстық-білім беру орталығының Стратегиялық даму және инновация секторының меңгерушісі Құралай Түсіпова, №1 балабақшаның әдіскері Нұржан Набатова, №2 балабақшаның меңгерушісі Раушан Қожахметова, № 3 балабақшаның әдіскері Тазагүл Шаштавлетова қатысты. Дәріскер – Ольга Шиян п.ғ.к., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің жүйелік жобалар институтының жетекші ғылыми қызметкері, Л.С. Выготский атындағы Психология институтының таным психологиясы кафедрасының доценті. ECERS шкаласы бойынша бағдарламаны «Балалық шақ университеті» қоры (Мәскеу қ.) әзірлеген. Бағдарламаның мақсаты – білім беру ортасының әртүрлі компоненттерін зерттеуге негізделген 2,5 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың білім беру қызметінің сапасын кешенді бағалау. Семинар-тренинг «Қарлығаш» балабақшаларында өтті. Төрт күн бойы курс тыңдаушылары түрлі ортаны бақылап, талдап, оған баға берді. Бұл жұмыстардың нәтижесін балабақша қызметінің тиімділігін бағалау, жұмыс сапасын арттыру, өзін-өзі бағалау және мониторинг үшін пайдалануға болады. Лектордың айтуынша, семинар-тренинг ұжымдық прогресті біріктіріп қана қоймай, мектепке дейінгі білім берудегі өзгерістер процесін жеделдетеді және балабақшаларға дамудың жаңа жолдарын бағдарлауға көмектесіп, тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.