Басты бет
›
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған түрлі іс-шаралар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған түрлі іс-шаралар
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшаларында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған түрлі іс-шаралар өтті.
Мысалы, №1 балабақшада ұлттық спорт түрлері бойынша балалар арасында эстафеталық ойындар, сондай-ақ тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды. №2-ші балабақшада ортаңғы топтарда тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет, ересек және мектепалды даярлық топтарда ойын-сауық өтті. Ал №3 балабақшада спортшыл отбасылардың басын қосқан сайыс өтті.
Тәуелсіздік күні – елеміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – отансүйгіштікке тәрбиелеу, халқымыздың мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.