Басты бет
›
Балаларға ағылшын тілін үйренуге арналған ойындар
Балаларға ағылшын тілін үйренуге арналған ойындар
«Біздің тәрбиеленушілер» айдарында бүгін «Қарлығаш» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Нұргүл Жұманованың балаларға тіл үйретудегі ойындарымен бөлісеміз.
Ағылшын тілі ересек және мектепалды даярлық топтарда өтеді.Тілді үйретуде педагог жеңіл әрі қызықты ойындарды қолданады.
«I feel»
Бұл ойын арқылы баланың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оның көңіл-күйін, эмоцияларын бақылайды. Жағымды көңіл-күй сыйлау, баланың ынтасын, белсенділігін арттырады.Балалар сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрастыруды үйрене бастайды.
«Flyswatter.What is it?»
Ойын баланың тіл меңгерудегі қабілетін арттырады, сөзді тыңдау және суреттен көру арқылы, есте сақтайды. Жылдам ойланып табу ойынның басты шарты болып табылады.Балалар жарысып ойнайды, ал ойын құралы ретінде ұрғышты қолданады.
«Guess what»
Ойын баланың есте сақтау қабілетін арттыру үшін, ортамен коммуникативті орнату үшін бағытталған. Мұғалімнің белгілі бір затты таба алмай отырғанын көріп, бала көмекке келеді. Ол затты алып қайталайды, осы арқылы сөзді есінде сақтайды.
Нұргүл Жұманова баланың тақпақты тез жаттап алуына көмектесетін әдістің бірі мнемокестені қолданады. Тілдік құрылым «I have» қолдана отырып, суретпен тақпақ жаттау, оңай әрі тез. Кез келген тақырыпқа сай, баланың жас ерекшелігі ескеріліп, өлең шумақтары және сурет таңдап алынады.