Басты бет
›
«Үздік қызметкер» айдарының бүгінгі кейіпкері – Асыл Шманова
«Үздік қызметкер» айдарының бүгінгі кейіпкері – Асыл Шманова
Жоғары санатты тәрбиеші Асыл Шманова ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының мектепалды даярлық тобында тәрбиеші болып 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.
Білікті маман жұмыс барысында жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстарды жүргізеді.
– Біздің жұмысымызда ең басты ескеретін жағдай – баланың денсаулығы және балаға жақсы көңіл күй сыйлау, қызығушылығын арттыру. Көбіне мектепке даярлық тобымен жұмыс жасаймын. Осында жұмыс істеген 12 жыл аралығында мектепке 8 топты даярлап шығарып салдым, – дейді Асыл Шманова.
Балабақша тәрбиешілерінің жұмысында маңыздысы тәрбие жұмысын және дамытушы іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра білу. Білікті педагог Асыл Шманова осының барлығын сәтті ұштастырып келеді. Ол сонымен қатар балабақшада жас мамандарға тәлімгерлік жұмысын да қатар атқарып жүр.
Президент Іс басқармасының Құрмет Грамотасы, Медициналық орталығының Алғыс хаты және Құрмет Грамоталарымен марапатталған.