18-19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Ақтөбе облысындағы күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралауды жоспарлап отыр.
Шара аясында «Қарлығаш» балабақшасының делегациясы «№52 «Құлагер балабақшасы» МКҚК , «Айлин» жеке балабақшасы, «Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасы» КММ жұмысымен танысады.
Балабақша өкілдері сондай-ақ «№33 «Нұрсәт» балабақшасында өтетін дөңгелек үстелге қатысып, Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен пікір алмасып, тәжірибе бөліседі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының осы форматтағы іс-шаралар тізбегін 2023 жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізу жоспарлануда.