Басты бет
›
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының №3 нысанына 5 жыл толды
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының №3 нысанына 5 жыл толды
Осыдан 5 жыл бұрын 2018 жылдың 17 қаңтары күні «Қарлығаш» балабақшасының 350 орынға арналған №3 нысаны ашылды. Жаңа форматтағы балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Баттақов қатысқан болатын.
№3 нысанның алғашқы директоры Гульнара Абдуллина. Балабақшаның басымдық бағыты коммуникативті-танымдық. Бүгінде мұнда 100 адам жұмыс істейді, 325 бала тәрбиленеді, 14 топ бар.
«Қарлығаш» балабақшасының №3 нысаны ұжымын атаулы күнмен құттықтап, ұрпақ тәрбиесі жолындағы жауапты істе табыс пен сәттілік тілейміз!