Балабақшада реджио-педагогика жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Реджио-педагогика – балаларды ерте жастан дамытудың инновациялы жобаларының бірі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы осы жобаның элементтерін қолдана отырып жұмыс жасайды. Мысалы, «РЕДЖИО-ателье» немесе шығармашылық ателье балаларға қиялды дамытуға көмектеседі. Балаларға табиғи және қалдық материалдарды пайдалана отырып, қиялындағы жобаларын жүзеге асыруға еркіндік беріледі. Педагогтердің бағыттауымен, балалар өз шығармашылығын дамытады.
Осы жоба бойынша Green- студияда балалар өсімдіктерді зерттеу арқылы оның өсу процестерін де бақылай алады. Ал гидропоникалық (грекше һуdor - су, ponos - жұмыс) жүйе арқылы балалар ақылды агрономияны жүзеге асыру жолдарын үйренеді.