Басты бет«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері – Айгүл Ысқақова

«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері – Айгүл Ысқақова

«Педагог жетістігі» айдарының  кезекті кейіпкері –  Айгүл Ысқақова «Педагог жетістігі» айдарының  кезекті кейіпкері –  Айгүл Ысқақова «Педагог жетістігі» айдарының  кезекті кейіпкері –  Айгүл Ысқақова

Айгүл Ысқақова ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тілдік ортаға бойлау тобының тәрбиешісі. Балабақшада 9 жарым жылдай еңбек етеді, жалпы еңбек өтілі – 35 жыл. Айгүл Ысқақова сонымен қатар ҚР БҒМ қолдауымен "Балаларды ерте дамыту институты" ұйымдастырған «Екі педагог» пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады. – Мен мектепалды даярлық тобымен жұмыс жүргіземін. Балабақшада баланың өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған. Жұмыс барысында педагогтер тарапынан «сөйлейтін қабырғалар», әдістемелер мен технологиялар: тілдік ортаға бойлау, Воскобовичтің дамыту ойындары, жобалық іс-шаралар, денсаулық сақтау технологиялары, кинезиологиялық жаттығулар, ойын технологиялары және тағы басқалары қолданылады. Біз баланың танымдық қызығушылығын, шығармашылықты, моториканы, логикалық ойлауды дамытуға күш саламыз, – дейді білікті маман. Айгүл Ысқақова мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының алғыс хаты, ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтының марапаттауы, Астана қаласы әкімінің құрмет грамотасына, «AMANAT» партиясының алғыс хатына ие болған.